Бірегей авторлық әзірлеме бүгін Kaztraffic-2023 көрмесінде көпшілік назарына ұсынылды
Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары Қазақстанның қатал климаты үшін су және ыстыққа төзімді жол белгілерін әзірледі. Инновациялық материал ылғалды климатта төзімділігінің жоғарылауына байланысты және жеткілікті икемділігінің арқасында нөлден төмен температурада жарылудың алдын алып, ұзақ қызмет етеді.
Отандық материалдың бүгінгі таңда қазақстандық жолдарда қолданылатын қоспаларға қарағанда бірқатар артықшылығы бар. Атап айтқанда, қызмет ету мерзімі 2 жылға дейін ұзартылды, материалдың құны төмен және бетон жабындарымен адгезияның дәрежесі жоғары.
Отандық ғалымдардың әзірлемесі 19-шы рет ұйымдастырылып отырған Kaztraffic-2023 көрмесінде көпшілік назарына ұсынылды. Аталғаніс-шараға Қазақстан, АҚШ, Қытай, Германия, Франция және ТМД елдерінің сарапшылары мен инвесторлары қатысып жатыр.