Сарапшылар төрт мемлекеттің жол институттарына барады
«ҚазжолҒЗИ»АҚ Автожолшылар делегациясы жол саласының нормативтік базасын реформалау бойынша әлемдік тәжірибе алмасу үшін сапарға шықты. Сапар жоспары бойынша сарапшылар Беларусь, Германия және Қытай сияқты елдерге барады.
Қазіргі уақытта «ҚазжолҒЗИ»АҚ қызметкерлері Мәскеу қаласында ККМ 418 «Жол шаруашылығы» және «РОСДОРНИИ» ФАУ өкілдерімен кеңесті аяқтады. Кеңес Ресей Федерациясында әлемдік тәжірибені қолдануды ескере отырып, жол нормативтік базасын құрылымдауға, оңтайландыруға және өзектендіруге арналды.
Қазақстанда нормативтік базаны реформалау жөніндегі осындай ауқымды бағдарламаны орындау, бірлесіп жұмыс істеу және оны табысты іске асыру үшін ҚР жол саласының және ЕАЭО елдерінің жетекші мамандарын тартуды талап етеді.
«ҚазжолҒЗИ» АҚ делегациясы алты қызметкерден тұрады, оның ішінде институттың вице-президенті – Ерік Әмірбаев. Әрі қарай сарапшылар Беларусь, Германия және Қытайға баруды жоспарлап отыр, онда Қазақстанның жаңа нормативтік базасын қалыптастыру бойынша әлемдік маңызы бар автожолшылармен кеңес өткізеді.