Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
Қазақстанның жас ғалымы «Ғылым континенті» академиялық форумында екінші орынды иеленді

2-3 қарашада Мәскеудегі Ресей Ғылым Академиясының (РҒА) Төралқасында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) Атқарушы комитетімен және ғылым академияларының халықаралық қауымдастығымен серіктестікте өткен Үлкен Еуразия елдерінің жас ғалымдарының «Ғылым континенті» академиялық форумында материалтану саласында жүлделі 2-орынға Қазақстанның жас ғалымы, Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының («ҚазжолҒЗИ» АҚ) Ғылыми-зерттеу орталығының директоры Нұғманова Асель ие болды.

Ресей Ғылым Академиясының 300 жылдығына арналған Форум Ресей Ғылым академиясының, РҒА Әлеуметтік ғылымдар жөніндегі ғылыми ақпарат институтының (РҒА ӘҒҒАИ) және Сколтехтің аумағында өтті. Ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь, Өзбекстан, Түрікменстан, Армения, Әзірбайжан, Грузия, Тәжікстан, Қытай, Үндістан, Иран, Моңғолия, Вьетнам, Индонезия, Пәкістан, Сербия, Венгрия, Эфиопия, Египет және Камбоджаны қоса алғанда, жақын және алыс шетелдердің 21 елінен ең үздік жас ғалымдар ұсынды.

Форумның ашылуына РҒА Президенті, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Вице-президенті Билялов Д. Н., РҒА академигі Красников Г.Я., РФ Президентінің көмекшісі Фурсенко А.А., РФ ғылым және жоғары білім министрі Фальков В.Н., РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары Панкин А.А., РФ Ғылым, білім және мәдениет жөніндегі Федерация Кеңесі комитетінің Төрағасы Гумерова Л.С., ТМД Бас хатшысы Лебедев С.Н., ЕАЭО төрағасы Мясникович М.В., Халықаралық Ғылым академиялары қауымдастығы басшысының орынбасары, Беларусь ҰҒА академигі Витязь П.А., Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының президенті, академик Б.С. Юлдашев, Ресей СІМ МХҚМИ ректоры, РҒА академигі Торкунов А.В., РҒА Жалпы тарих институтының ғылыми жетекшісі, МАГҒА президенті, РҒА академигі Чубарян А.О.

Ресей Ғылым Академиясының Төралқасында "ҚазжолҒЗИ" АҚ-ның қызметкері Әсел Нұғманованың баяндамасы қазақстандық ғылымның ғылыми құзыретінің жоғары деңгейін дәлелдеп қана қоймай, әлемдік ғылымның дамуына елеулі үлес қосты. Оның жетістігі Қазақстан үшін мақтаныш нышаны және жас ғалымдар үшін үлгі болды. Біз Асель Нұғманованы осы маңызды жетістігімен құттықтаймыз және оның ғылыми мансабында одан әрі табыстар тілейміз!