Заң мен Тәртіп
Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
Қазақстанның жол саласында автономды көлік пен цифрлық шешімдерді дамыту: «ҚазжолҒЗИ» мен China TransInfo Group ынтымақтастығы

2026 жылғы 16 қазанда Астанада «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ мен China TransInfo Group зияткерлік көлік жүйелері мен автономды көлік технологиялары саласындағы Бірлескен құзыреттер орталығын құру туралы келісімге қол қойды.

Орталық зияткерлік көлік жүйелері, автономды жүргізу және жол инфрақұрылымын цифрландыру салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында құрылды. Орталық қызметі Қытай тарапының жасанды интеллект пен автономды көлік технологиялары саласындағы технологиялық құзыреттерін «ҚазжолҒЗИ» АҚ-ның жол зерттеулері, стандарттау және нормативтік реттеу жөніндегі ғылыми-техникалық сараптамасымен ұштастыруды көздейді.

Орталық жұмысының негізгі бағыттары:

  • Қытай – Қазақстан халықаралық көлік бағыты бойынша автономды жүк тасымалының пилоттық жобасын іске асыру;
  • көлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін автоматтандырылған бақылау жүйелерін, оның ішінде қозғалыс үстінде өлшеу технологиясын (WIM) енгізу;
  • автономды көлік құралдарын сынауға арналған полигон құру;
  • салалық ақпараттық жүйелерді интеграциялау және деректер алмасу тетіктерін енгізу арқылы Көлік операцияларын басқару орталығын құру мәселесін пысықтау.

Кездесу барысында тараптар сарапшылар алмасу, мамандардың біліктілігін арттыру, бірлескен семинарлар өткізу және өзара жұмыс сапарларын ұйымдастыру мәселелерін де талқылады. Қорытындысында бірінші кезектегі іс-шаралар мен бірлескен жобаларды іске асырудың келесі қадамдары айқындалды.

«Орталық озық цифрлық және автономды көлік технологияларына ғылыми-техникалық баға беруге және оларды Қазақстан жағдайына бейімдеуге арналған алаңға айналады. Біздің мақсатымыз – пилоттық жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету және жол саласының нормативтік-техникалық базасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу», – деді «ҚазжолҒЗИ» АҚ вице-президенті Кенжебек Азатбеков.

Орталықты құру Қазақстанның зияткерлік көлік инфрақұрылымын дамытуға, елдің ғылыми-техникалық әлеуетін нығайтуға және халықаралық көлік дәліздеріне заманауи шешімдерді енгізуге бағытталған.

Анықтама үшін: China TransInfo Technology Co., Ltd. – зияткерлік көлік жүйелеріне, жол инфрақұрылымын цифрландыруға, көлік аналитикасына және автономды жүргізу технологияларына маманданған қытайлық компания.