«ҚазжолҒЗИ» қабырғасында «Citic Construction Co., Ltd» Қазақстандық филиалының мамандары «Орындалатын жұмыстар сапасындағы жол-құрылыс материалдарының рөлі» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Курс бағдарламасы халықаралық стандарттармен үйлестірілген Қазақстан Республикасының стандарттарына сәйкес материалдар, технологиялар және сапаны бақылау саласындағы заманауи жетістіктерді зерделеуді қамтыды.