"ҚазжолҒЗИ" АҚ Алматы қалалық филиалының қабырғасында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстаумен айналысатын "КАЖСервис" компаниясының қызметкерлері "Автомобиль жолдарын пайдалану" бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстары бойынша оқуларын бастады.
Оқыту барысында тыңдаушылар автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстау, көктайғаққа қарсы химиялық материалдарды бөлудің техникалық ережелері мен нормалары, қысқы күтіп ұстау кезінде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды қысқы күтіп ұстау кезінде өндірісті және орындалған жұмыстарды операциялық және инспекциялық бақылау бойынша білім алды.
Қазір аталған куртан 43 адам өтуде, болашақта қызмет көрсететін компанияның 300-ге жуық маманын біліктілікті арттыру курстарынан өткізу көзделуде.