«ҚазжолҒЗИ» АҚ Алматы қалалық филиалының қабырғасында «Жол-құрылыс материалдары мен жұмыстардың сапасын бақылау» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстары өтті.
Курс бағдарламасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы стандарттарына сәйкес материалдар, технологиялар және сапаны бақылау саласындағы сынау әдістерін зерделеуді қамтыды.
Курс аяқтағаннан кейін «TEST Standart Engineering» ұйымының тыңдаушысына белгіленген үлгідегі сертификат табысталды.