2024 жылғы 12-20 тамыз аралығында «ҚазжолҒЗИ» АҚ филиалында (Алматы қ.) «Цемент және бетон құрамын іріктеу» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өткізілді.
Курс бағдарламасы цемент пен цементбетонды және түрлі қоспаларды сынау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы стандарттарына сәйкес технологияларды және сапаны бақылау әдістерін қамтыды. Курс аясында бетон қоспасының құрамын іріктеуге және өнімнің сапасына ерекше назар аударылды.
Курс соңында «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ ұйымының тыңдаушысына белгіленген үлгідегі сертификат табысталды.