«ҚазжолҒЗИ» АҚ Алматы облыстық филиалында «Жол-құрылыс материалдары мен жұмыстарының сапасын бақылау» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары аяқталды.
Курстардан Ақтобе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің, сондай-ақ аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің басшылары мен бас мамандары өтті.
Курс бағдарламасы тыңдаушыларды жол саласын дамытудың басым бағыттарымен таныстыруға көзделген. Курс тыңдаушыларына арналған теориялық және практикалық сабақтар олардың жұмыс ерекшеліктерін ескере отырып өткізілді.
Материалдар, технологиялар және сапаны бақылау саласындағы сынақ әдістерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы стандарттарына сәйкес автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп ұстау кезінде баға белгілеу және сметалық іс мәселелерін зерделеуге ерекше назар аударылды.