Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
"ҚазжолҒЗИ" АҚ ғалымдары жол құрылысында бокситті шламды пайдалануды ұсынады

«ҚазжолҒЗИ» және «Каздоринновация» ЖШС ғалымдары жол негізін қайта құру кезінде алюминий өндірісінде жанама өнім болып табылатын боксит шламы қолданылған "Павлодар – Семей – Қалбатау" және "Омбы – Майқапшағай" автожолдарының эксперименттік телімдерінде материалдарды іріктеу арқылы оларға тексеру жүргізді.

Зертханалық зерттеулер бұл телімдердегі жол құрылымының негізінен іріктелген сынамалардың 2-3 есеге берік екенін көрсетті. "Павлодар – Семей – Қалбатау" автожолының эксперименттік телімі 7 жыл бұрын, ал "Омбы – Майқапшағай" автожолының эксперименттік телімі 20 жыл бұрын салынғанын айта кету керек.

Ғалымдар Қазақстанда автожол жобаларында қолдануға болатын ірі көлемді техногендік қалдықтардың миллиардтаған қоры бар екенін және оны қолдануға қажетті барлық нормативтік базаның да - ҚР СТ 781-2004, МЕМСТ 32826-2014 және басқа құжаттардың жеткілікті екенін атап өтуде.

Отандық ғалымдардың пікірінше, бұл тәжірибені қолданысқа енгізу қажет.

«Техногендік қалдықтардан тұтқырғыштарды өндіру технологиясын кеңінен қолдану жол-құрылыс жұмыстарына жұмсалатын шығындарды үнемдеу жағына қарай қайта қарауға және жолдарды салу қарқынын жеделдетуге, ал бұл өз кезегінде жылына кемінде 3-5 мың шақырым жаңа жолдарды салуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті «ҚазЖолҒЗИ» АҚ Ғылым басқармасының басшысы, техника ғылымдарының кандидаты Қайрат Мұхамбетқалиев.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда «ҚазЖолҒЗИ» ғалымдары техногендік қалдықтар негізінде автомобиль жолдарының өздігінен тығыздалатын бетон қоспаларына арналған құрамдарды, асфальтбетонға арналған инновациялық минералды ұнтақ құрамын, асфальтбетон және цементбетон жамылғыларына арналған қоспаларды және басқа да материалдарды әзірлеу жұмыстарын аяқтауда.