Заң мен Тәртіп
Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
«ҚазжолҒЗИ» «Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы» факультетінің түлектеріне диплом табыстау салтанатына қатысты

«ҚазжолҒЗИ» Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT University мен Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтының (ҚазАДИ) түлектеріне диплом табыстау рәсіміне қатысты.

🛣️Білікті кадрлар даярлау Институт қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Көптеген жылдар бойы «ҚазжолҒЗИ» еліміздің жетекші бейінді жоғары оқу орындарымен тығыз ынтымақтастық орнатып, студенттерге, магистранттар мен докторанттарға өндірістік практикадан өтуге, тәжірибелік дағдыларды меңгеруге және жол саласы бойынша заманауи технологиялармен танысуға мүмкіндік беріп келеді.

2025 жылдан бастап жоғары оқу орындарымен өзара ынтымақтастық дуальды оқыту жүйесін енгізу арқылы жаңа деңгейге көтерілді. Бүгінде студенттер тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен Институт базасында теориялық білімді практикалық даярлықпен ұштастырып келеді. Мұндай даярлау форматы салада сұранысқа ие кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға ықпал етіп, жас мамандардың еңбек жолын сенімді бастауына мүмкіндік береді.

Түлектерді оқуын табысты аяқтап, диплом алуымен шын жүректен құттықтаймыз! Баршаңызға кәсіби жетістіктер, ауқымды жобаларды табысты іске асыру және Қазақстан Республикасының жол саласын дамыту жолындағы толағай табыстар тілейміз!