Бұл туралы Үкімет отырысында "ҚазжолҒЗИ" АҚ президенті Арман Алибаева хабарлады.
Қазақстанда жол-құрылыс материалдары мен технологиялары туралы Бірыңғай цифрлық деректер базасы әзірленді
«ҚазжолҒЗИ» автожол саласын толығымен цифрландыруды жүзеге асыруда. Қолданылатын жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың ашықтығы мен тиімділігін бағалауды қамтамасыз ету мақсатында Бірыңғай цифрлық база құрылды. Бүгінде институт мамандары топырақ-климат ерекшеліктерін ескере отырып, әр өңірге арналған жол төсемінің типтік жобаларын әзірлеуде.
«Базаның артықшылығы ашықтық, жол құрылысының барлық құралдарын бір цифрлық платформаға біріктіру, өндірушілердің қалауын, жол-құрылыс материалдарының сапасы туралы бұрмалауды болдырмау болып табылады. Жол құрылысының кез-келген қатысушысы жобалау және құрылыс кезеңінде пайдалану үшін қажетті ақпаратты таба алады. Аталған жол базасына қазірдің өзінде 642 карьер, 382 асфальт зауыты және 98 жаңа технология енгізілді», — деді «ҚазжолҒЗИ» АҚ президенті Арман Әлібаева үкімет отырысында.
✔ Бірыңғай цифрлық база жаңа материалдар мен технологияларды олардың тиімділігіне қарай саралауға мүмкіндік береді. Құрылыстың жағдайы түспен анықталады: жасыл түс зертханалық жағдайларда және сынақ алаңында сынақтың сәтті нәтижесін растайды, сары түс сынақ процесінде тағайындалады. Қазір базада 98 материал мен технология бар, оларды қолданып Қазақстанның түрлі өңірлерінде 56 тәжірибелік телімдер салынды.
• Сонымен қатар, әлемдік тәжірибеге сәйкес, жол құрылысына арналған битум материалдары PG аудандастыру картасы бойынша – қолданыстағы 3 аймақтың орнына 8 климаттық аймақ бойынша таңдалады.