Заң мен Тәртіп
Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
«ҚазжолҒЗИ» Қазақстанның жол саласын көміртексіздендіру бағытындағы тәжірибесін Қытайда өткен халықаралық семинарда таныстырды

«ҚазжолҒЗИ» АҚ Үрімші қаласында өткен экстремалды жағдайларда көлік инфрақұрылымын салу және пайдалану саласындағы тәжірибе алмасуға арналған халықаралық семинарға қатысты. Іс-шара барысында Институт делегациясы көміртегі ізін азайту және жол құрылысында төмен көміртекті технологияларды енгізудің заманауи тәсілдеріне арналған баяндама ұсынды.

Халықаралық конференцияға Қытай Халық Республикасының мемлекеттік органдарының, көлік инфрақұрылымы операторларының, инвестициялық компаниялардың, ғылыми қауымдастық өкілдерінің, сондай-ақ «Бір белдеу – бір жол» бастамасына қатысушы елдер делегацияларының өкілдері қатысты. Қатысушылар құрамының ауқымдылығы тұрақты даму, климаттық бейімделу және инновациялық инженерлік шешімдерді енгізу мәселелері бойынша кәсіби диалог ұйымдастыруға мүмкіндік берді.

Баяндама барысында «ҚазжолҒЗИ» делегациясы жол шаруашылығын көміртексіздендіру саласындағы нормативтік және әдістемелік базаны қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды таныстырды. Автомобиль жолдарының өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде, материалдарды өндіру мен тасымалдаудан бастап, құрылыс және пайдалану процестеріне дейін, СО₂ шығарындыларын мониторингтеу және бағалау жүйелерін әзірлеуге ерекше назар аударылды.

Презентацияның елеулі бөлігі жол құрылысында техногендік минералдық қалдықтарды, оның ішінде күл-қож қалдықтары мен металлургиялық қождарды пайдалану бойынша зерттеу нәтижелері мен практикалық тәжірибеге арналды. Аталған шешімдер көміртегі ізін төмендетудің және ресурстарды ұтымды пайдаланудың тиімді құралы ретінде қарастырылады.

Мұндай бастамаларға қатысу шетелдік серіктестермен кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға, озық тәжірибелермен алмасуға және заманауи технологияларды Қазақстан мен Орталық Азия өңірінің климаттық жағдайларына бейімдеуге ықпал етеді.