Заң мен Тәртіп
Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
«ҚазжолҒЗИ» Қазақстанның жол саласындағы цифрлық шешімдерін чехиялық серіктестеріне таныстырды

2026 жылғы 16 қазанда Астанада «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ («ҚазжолҒЗИ») көлік саласындағы ғылыми зерттеулер және зияткерлік көлік жүйелері бағытында жұмыс істейтін Чехияның жетекші ұйымдарының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуге Көлік зерттеулері орталығының (CDV), Czech ITS&S көлік телематикасы қауымдастығының, сондай-ақ Camea Technology және Kistler Eastern Europe компанияларының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында «ҚазжолҒЗИ» өкілдері институт қызметінің негізгі бағыттары мен Қазақстанның жол саласы үшін әзірленіп жатқан цифрлық шешімдер туралы баяндады. Қатысушылар Жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасына және Көпір құрылыстарын басқару жүйесіне ерекше қызығушылық танытты. Бірыңғай база жол құрылысында қолданылатын материалдар мен технологиялар туралы мәліметтерді жинақтайды.

Ал Көпір құрылыстарын басқару жүйесі жасанды құрылыстардың техникалық жай-күйін бақылауға және оларды жөндеу жұмыстарын жоспарлауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар чехиялық серіктестерге институттың жол саласына BIM-жобалау технологиясын енгізу тәжірибесі таныстырылды.

Тараптар зияткерлік көлік жүйелері, көлік құралдарын салмақтық және габариттік бақылау, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігі салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.