Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты базасында сәуір айының бірінші жартысында сапаны бақылау қызметтері үшін семинар өткізіледі. Бұл еліміздегі сапаны бақылау қызметтері үшін өткізіліп отырған алғашқы шара болмақ.
Семинар Автомобиль жолдары комитеті, Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы, ҚАЖ сынды ірі автожол ұйымдарының қатысуымен өтеді. Аталған семинар барысында АБЗ технологтары, зертхана басшылары мен қызметкерлері, сонымен бірге инжинирингтік қызметтер қызықты мағлұматтармен қамтылады.
Іс-шараға қатысушылар саладағы басқа да әріптестерімен танысып, тәжірибе алмасады деп күтілуде. Сонымен қатар бұл алаң ортақ міндеттер мен мәселелерді талқылап, оларды шешу үшін таптырмас алаңға айналмақ. Семинарға қатысушылар тек спикерлердің баяндамаларымен танысып қана қоймай, "генетикалық сапа коды" және "сыни ойлау" сияқты тақырыптар бойынша тренингтерге қатысады.
Жалпы бұл семинар Ғылым күніне орай ұйымдастырылмақ. Семинардың жұмысына еліміздің өңірлерінен автожол ұйымдары қатысады.
“Өткізілетін уақыты:” 12 сәуір, сағат 09:30. “Өтетін орны”: Астана қ., Тұран даңғылы, 75 "Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты" АҚ Байланыс телефоны: 87053239985 (Мейрамгүл Қабдығалиева)