ҚазжолҒЗИ жұмыс беруші ретінде "Бос орындар жәрмеңкесіне-2023" қатысты. Іс-шара Алматы қаласының "Қазақстан" қонақ үйінде өтті. Мамандардың айтуынша, жол институтының қызметі студенттердің қызығушылығын тудырды.
"Олар біздің институтқа белсенді қызығушылық танытты. Бізге 20-30-дан астам адам келіп, көптеген адамдар автомобиль жолдарын пайдалану бағытындағы жұмысымыз туралы сұрады", - деп атап өтті "ҚазжолҒЗИ" АҚ зертхана меңгерушісі Ғалия Асанова.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан жолшылары кадрлардың, сондай-ақ "көлік құрылысы"мамандығы бойынша түлектердің тапшылығын бірнеше рет атап өткен болатын. Мәселені шешу аясында институттың оқу орталығы жолшыларға арналған білім беру курстарын жүргізуде.