Әлемде қазба отындарын тұтыну, сондай-ақ өнеркәсіптік тазарту үдерісінің жанама өнімі ретінде қалыптасатын күкірт мөлшері күрт өсуде. Сондықтан қалдықтарды кәдеге жарату арнайы түрде жоспарлануы қажет.
Бүгінгі таңда «ҚазЖолҒЗИ» АҚ-да жол құрылысында жергілікті құмды топырақты, әлсіз тас материалдарды, күл мен қождарды кеңінен пайдалануға мүмкіндік беретін, беріктігі төмен инертті материалдарды нығайту үшін модификацияланған күкіртті пайдалану технологиясын енгізу бойынша зерттеулер жүргізілуде.
Институт ғалымдары еңбек етіп келе жатқан перспективалы бағыттардың бірі – ұлутастан күкіртті шағыл тасты алу, Батыс Қазақстанда қатты тас материал кен орындарының болмауына байланысты қабықтан күкірт қиыршық тас алу, жергілікті беріктігі төмен ұлутастарды және оларды өндіру мен қайта өңдеу қалдықтарын пайдалану проблемасы бар.
Күкіртпен сіңдіру арқала әктас-ұлутастан алынған шағыл тастың пайдалау сипаттамаларын жақсартуға ықпал етеді. Қазіргі уақытта Институт қабырғасында және тәжірибелік телімдерде сынақтар осы бағыт бойынша жүргізілуде.