Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Аблалиев Сатжан Әйтенұлының төрағалығымен «ҚазжолҒЗИ» АҚ алаңында Көлік министрлігі жанындағы жолшылардың Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.
Қоғамдық кеңес жұмысы аясында автожол саласының нормативтік-техникалық құжаттамасын реформалау және өзектендіру, сондай-ақ жол құрылысында техногендік және өнеркәсіптік қалдықтарды қолдану мәселелері талқыланды.
Аталған кеңеске «ҚазжолҒЗИ», «ҚазАвтоЖол», «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы», «PIARC» Дүниежүзілік жолшылар қауымдастығының Қазақстандағы ұлттық комитеті, "Қазақстан жолшылар қауымдастығының" басшылығы, сондай-ақ жобалау және мердігерлік ұйымдар қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, Көлік министрлігінің тапсырмасы бойынша «ҚазжолҒЗИ» нормативтік-техникалық базаны өзектендіру және заманауи талаптарға сәйкес келетін жаңа стандарттарды әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде. Осы стандарттарда жаңа технологиялар, цифрлық өнімдер мен инновациялық тетіктер қолданылатын болады, бұл автомобиль жолдарын жобалау, салу және күтіп ұстау кезінде заманауи тәсілдерді енгізуге мүмкіндік береді.