Заң мен Тәртіп
Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
«ҚазжолҒЗИ» АҚ-да «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында кезекті дәріс өтті

Бұл жолғы кездесу Қазақстан Республикасындағы медиация тақырыбына және оның даулы жағдайларды шешудегі рөліне арналды.

Күнделікті өмірде келіспеушіліктер әртүрлі жағдайларда – жұмыста, отбасында және іскерлік қарым-қатынаста туындауы мүмкін. Мұндай кезде өз ұстанымыңды қорғаумен қатар, өзара түсіністікке қол жеткізудің жолдарын таба білу де маңызды. Осы ретте медиация институтының маңызы зор.

Дәріс барысында қатысушылар медиацияның құқықтық негіздерімен, негізгі қағидаттарымен және қолданылу салаларымен танысты. Сондай-ақ жанжалды ушықтырмай, тараптардың өзара тиімді шешімге келуіне көмектесетін тәуелсіз медиатордың рөліне ерекше назар аударылды.

Бұдан бөлек, жол саласындағы дауларды реттеу бойынша нақты мысалдар қарастырылып, еңбек дауларын шешу, құпиялылықты сақтау және тараптардың тең құқықтылығы мәселелері талқыланды. Қатысушылар ұжымда қолайлы ахуал қалыптастыруда ашық диалогтың, өзара құрмет пен ымыраға келуге дайын болудың маңызын атап өтті.

«ҚазжолҒЗИ» АҚ үшін «Заң мен тәртіп» идеологиясы – бұл тек заңнаманы білу және белгіленген нормаларды сақтау ғана емес. Сонымен қатар қабылданған шешімдер үшін жауапкершілік, әріптестерге құрмет, кәсіби міндеттерді адал орындау және әділдік қағидаттарын ұстану.

Өйткені заң мен тәртіп тек белгіленген ережелерден ғана емес, әрқайсымыздың күнделікті іс-әрекетімізден басталады.

#ЗаңМенТәртіп #ЗаконИПорядок