Заң мен Тәртіп
Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
ҚазжолҒЗИ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен адалдық қағидаттары талқыланды

«ҚазжолҒЗИ»-да Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілімен кездесу өтті. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және қызметте адалдық қағидаттарын нығайту мәселелері қарастырылды.

Іс-шара аясында Институт қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың мәні, оның түрлері, себептері мен салдары, сондай-ақ оған қарсы іс-қимылдың халықаралық тәсілдері түсіндірілді. Әсіресе жазалау шараларынан алдын алу тетіктеріне көшуге, оның ішінде ағартушылыққа, ашықтықты арттыруға және жауапкершілік мәдениетін дамытуға ерекше назар аударылды.

Халықаралық тәжірибеге сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді саясаттың 80%-ы алдын алу шараларына, ал 20%-ы ғана жазалау шараларына негізделетіні атап өтілді. Талқылау барысында сыбайлас жемқорлықтың жаһандық және ұлттық экономикаға келтіретін зияны, оның ішінде ел экономикасына тигізетін шығындары туралы деректер келтіріліп, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінің нәтижелері қарастырылды. Бұл көрсеткіштер аталған бағытта жүйелі жұмыстың қажеттілігін айқындайды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі құндылықтарына адалдық, ашықтық, жауапкершілік және сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатына ерекше назар аударылды. Адалдық әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігінен басталып, сыртқы бақылау болмаған жағдайда да күнделікті іс-әрекеттерде көрініс табатыны атап өтілді .

Кездесу қорытындысы бойынша қоғамға қызмет ету, заң талаптарын сақтау және адалдық қағидаттарына негізделген корпоративтік мәдениетті одан әрі нығайтудың маңыздылығы айтылды.

«ҚазжолҒЗИ» ұжым ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ортаны қалыптастыру және құқықтық мәдениетті арттыру бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастырады.