Заң мен Тәртіп
ҚазжолҒЗИ-дың Алматы қалалық филиалында ҚМАБ қоспаларын жобалау бойынша семинар өтті

ҚазжолҒЗИ-дың Алматы қалалық филиалында қиыршықтасты-мастикалық асфальтобетон (ҚМАБ) қоспаларын жобалау бойынша семинар өтті. Іс-шара барысында құрылыс кезеңінде туындайтын мәселелерді шешу, қоспаларды өндіру және технологиялық ерекшеліктерге баса назар аударылды.

Басты баяндамамен ГОСТ 31015 стандартының әзірлеушілерінің бірі Смирнов Е.А. сөз сөйледі. Сондай-ақ, жол саласындағы және өндірістік ұйымдардың өкілдері қатысты.

Семинар тәжірибе алмасуға және нормативтік құжаттардағы өзекті өзгерістерді талқылауға мүмкіндік берді.