«Egemen Qazaqstan» газетінің шақыруымен ҚазжолҒЗИ өкілдері «Автожолдар: географияны экономикаға айналдырудың кілті» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.
Кездесуде жол сапасы, көлік-логистикалық байланыстар, Қазақстанның транзиттік әлеуеті, цифрлық технологиялар, сондай-ақ жол саласын дамытудағы ғылым мен инновацияның рөлі талқыланды.
«Ғылыми негізделген шешімдер мен жаңа технологияларды енгізу жолдардың сапасы мен ұзақ мерзімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ғылым мен өндірістің өзара байланысын күшейту – саланы дамытудың маңызды бағыттарының бірі», – деді ҚазжолҒЗИ Ғылымды дамыту департаменті директорының орынбасары Әсел Нұғманова.