Кездесу барысында қатысушылар құрылыс ғылымының заманауи даму үрдістерін, цифрлық технологияларды енгізу мәселелерін, тұрақты құрылыс қағидаттарын және ғылыми ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Әсіресе, BIM-технологияларын қолдану, инфрақұрылым нысандарының өмірлік циклін бағалау, төмен көміртекті құрылыс материалдарын пайдалану және циркулярлық экономиканы дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тараптар өзара тәжірибе алмасып, Қазақстанның жол-құрылыс саласын дамытуға бағытталған бірлескен ғылыми-зерттеу және білім беру жобаларын жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырды.
Осындай кездесулер халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға, озық білім мен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ жол инфрақұрылымы саласына заманауи технологияларды енгізуге ықпал етеді.