Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
«ҚазжолҒЗИ» Франциядағы халықаралық конференцияда Қазақстанның жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы тәжірибесін таныстырды

«ҚазжолҒЗИ» Францияның Шамбери қаласында 2026 жылғы 9 наурызда өткен Еуропалық ақылы жол операторлары қауымдастығының (ASECAP) жол қозғалысы қауіпсіздігіне арналған 18-і конференциясына қатысты. Іс-шара Дүниежүзілік жол қауымдастығының (PIARC) жолдарды қысқы күтіп-ұстау, инфрақұрылымның тұрақтылығы және декарбонизация мәселелеріне арналған 17-ші Дүниежүзілік конгресі аясында ұйымдастырылды.

Конференция жол саласындағы 21-ден астам ұйым өкілдерінің басын қосты. Олардың қатарында ақылы автомобиль жолдарының операторлары, ғылыми-зерттеу ұйымдары және халықаралық кәсіби қауымдастықтар бар. Қатысушылар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заманауи тәсілдерін, жол инфрақұрылымының экстремалды ауа райы жағдайларына төзімділігін арттыру мәселелерін, сондай-ақ жол желісін тиімді пайдалану және қаржыландыру тетіктерін талқылады.

🔗 Іс-шара аясында «ҚазжолҒЗИ» атқарушы директоры Еркежан Әмірханова PIARC және ASECAP ұйымдарының бірлескен сессиясында баяндама жасады. Сессия жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында инфрақұрылымның климаттық қауіп-қатерлерге, оның ішінде қысқы жағдайларға, орман өрттері мен су тасқындарына төзімділігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналды. Өз сөзінде ол Қазақстанның жол инфрақұрылымының климаттық тәуекелдерге төзімділігін арттыру бағытындағы тәжірибесін таныстырды. Атап айтқанда, жолдарды қысқы күтіп-ұстау жүйесін дамыту, нормативтік базаны жетілдіру және жол желісін басқаруда цифрлық шешімдерді қолдану мәселелеріне тоқталды.

Қазақстан өкілдерінің осындай халықаралық алаңдарға қатысуы ұлттық тәжірибені халықаралық деңгейде таныстыруға, кәсіби диалогты кеңейтуге және жетекші шетелдік салалық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Анықтама: ASECAP – ақылы жол инфрақұрылымы операторларын, сондай-ақ ақылы автомобиль жолдарын, көпірлер мен тоннельдерді пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдарды біріктіретін еуропалық салалық қауымдастық. Қауымдастық құрамына 17 елден қатысушылар, шамамен 130 компания, сондай-ақ 82 700 км-ден астам ақылы автомобиль жолдары, көпірлер мен тоннельдер кіреді.