Заң мен Тәртіп
Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
«ҚазжолҒЗИ» Көлік министрлігінде өткен семинарда автомобиль жолдарының сапасын арттыруға бағытталған шешімдерін таныстырды

30 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде «Сапалы жолдар: жоспарлаудан пайдалануға дейін» тақырыбындағы семинар-кеңес өз жұмысын бастады. Оған Көлік министрлігінің, Автомобиль жолдары комитетінің, бейінді министрліктердің, жергілікті атқарушы органдардың және жол саласы ұйымдарының өкілдері қатысуда. Семинардың бірінші күні жол жұмыстарын жоспарлау және жобалау мәселелеріне арналды.

«ҚазжолҒЗИ» президенті Біржан Канешев материалдарды таңдаудан бастап жолдарды күтіп-ұстауға дейінгі барлық кезеңді қамтитын автомобиль жолының өмірлік цикліне негізделген жоспарлау тәсілін таныстырды. Бұл тәсілдің нормативтік негізін Институттың қатысуымен әзірленген 40-тан астам құжат құрайды. 2026 жылы нормативтік базаны әзірлеу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта асфальтбетон және цементбетон жолдарды жөндеу мен күтіп-ұстау, геосинтетикалық материалдарды қолдану, қоршаған ортаны қорғау және көпір құрылыстарына қатысты құжаттар әзірленуде.

Институттың негізгі ұсыныстарының бірі - жобаларды алдын ала сараптау рәсімін заңнамалық тұрғыдан бекіту. Жоспарлау кезеңінде техникалық шешімдер мен бастапқы деректерді тексеру тәуекелдерді алдын ала анықтауға, жобаларға кейіннен өзгерістер енгізу қажеттілігін болдырмауға және құрылыс барысында қосымша шығындардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Қатысушыларға жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай RCMBase базасы таныстырылды. Институт мамандары базаға 231 карьер, 467 асфальтбетон зауыты, 61 зертхана және сынақтан өткен 800-ден астам материал туралы мәліметтерді енгізіп, жүйеледі. База жобалау жұмыстары басталғанға дейін өңірдің ресурстық әлеуетін бағалауға және тәжірибеде сынақтан өткен шешімдерді таңдауға мүмкіндік береді.

Көпір құрылыстарына қатысты Институт бірыңғай диагностика жүйесін ұсынады. Ол нысандарды тексеруді, техникалық жай-күйін бағалауды, цифрлық паспортын әзірлеуді және жөндеу жоспарын қалыптастыруды қамтиды. Цифрлық паспортта нысанның толық тарихы сақталады. Бұл жөндеу жұмыстарын алдын ала жоспарлауға және апаттық тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.

«Сапалы жол - оның өмірлік циклінің барлық кезеңінде дұрыс шешімдер қабылдау мен тиімді басқарудың нәтижесі. Бұл ретте тапсырыс берушінің құзыреттілігі маңызды рөл атқарады. Мамандардың біліктілігін арттыру оқытуды, тағылымдамадан өтуді және нақты нысандарда практикалық даярлықтан өтуді қамтитын жүйелі жұмысқа айналуы тиіс. «ҚазжолҒЗИ» өңірлерге консультациялық, ғылыми-әдістемелік және практикалық қолдау көрсетуге дайын», - деп атап өтті Институт өкілдері.

Жобалау мәселелеріне арналған сессияда «ҚазжолҒЗИ» вице-президенті Ерік Амирбаев баяндама жасады. Ол жолдың беріктігі мен ұзақ мерзімді пайдаланылуы жобалау кезеңінде қамтамасыз етілетінін атап өтті. Бастапқы деректер мен техникалық шешімдердегі қателіктер, әдетте, құрылыс барысында анықталады. Бұл жобаларға түзетулер енгізуге, жұмыстардың мерзімі мен құнының ұлғаюына әкеледі.

Жол жабынындағы жарықтар мен жолтабандар сияқты сыртқы ақаулар әртүрлі себептерден туындауы мүмкін. Олардың қатарында жол негізінің беріктігі жеткіліксіз болуы, топырақтың шамадан тыс ылғалдануы немесе көлік жүктемесінің артуы бар. Осыған байланысты жөндеу түрі диагностика және инженерлік іздестіру нәтижелері бойынша таңдалуы тиіс.

Жергілікті және ауылдық жолдардың ерекшеліктерін ескере отырып, Институт Автомобиль жолдары комитетімен бірлесіп, ҚР ЕЖ 3.03-101-2013 «Автомобиль жолдары» құжатына қиыршықтас жолдарға қойылатын талаптар бөлігінде өзгерістер енгізді. Сонымен қатар «Автомобиль жолдарын орташа жөндеу кезіндегі жол төсемдерінің үлгілік конструкциялары» ҚР ВЕЖ жобасы таныстырылды. Құжатта I-V санаттағы жолдарды күшейтудің есептік нұсқалары қамтылған 34 кесте бар. Үлгілік шешімдерді қолдану жобалау мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. Дегенмен, жол учаскесін міндетті түрде тексеру және жобалық шешімдерді нақты учаскенің жағдайына бейімдеу талаптары сақталады.

BIM-жобалауға көшу мәселесіне де ерекше назар аударылды. 2026 жылғы 1 тамыздан бастап ұзындығы 100 метр және одан асатын көпірлер мен тоннельдер үшін ақпараттық модельдеу технологияларын қолдану міндетті болып табылады. Ал 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл талап I және II техникалық санаттағы автомобиль жолдарына да қолданылады. Осы талаптарды іске асыру мақсатында Институт ҚР ВЕЖ 11-001-2025 құжатын әзірледі. «ҚазжолҒЗИ» цифрлық модельді нысанның өмірлік циклінің барлық кезеңінде сақтауды және оны жобалаушыдан тапсырыс берушіге, мердігерге әрі пайдаланушы ұйымға беруді ұсынады. Құрылыс аяқталғаннан кейін цифрлық модельдің деректері «E-Joldar» автомобиль жолының паспортына енгізілуі тиіс.

Институт баға белгілеу жүйесін жетілдіру жөнінде де ұсыныстар енгізді. Атап айтқанда, Корея Республикасының тәжірибесін ескере отырып, құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалмаған көлемінің құнын индекстеу тетігін енгізу және күрделі жөндеуді жобалау құнын айқындау кезінде қолданылатын 0,5 төмендету коэффициентін қайта қарау ұсынылды.

Семинар жұмысы 1 және 2 қазанда жалғасады. «ҚазжолҒЗИ» мамандары сапаны бақылау, көпір құрылыстарын пайдалану және жол саласын цифрландыру мәселелеріне арналған сессияларда сөз сөйлейді.