2023 жылғы 30 маусым күні «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ қызметкерлері үшін Комплаенс-офицер «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты кейбір мәселелер» тақырыбында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын түсіндіру бойынша іс-шара өткізді.
Жиын барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, пара алу және пара беру ұғымдары түсіндірілді. Сондай-ақ пара ұсынған немесе бопсалаған жағдайда қолданылуы тиіс шаралар сөз болды.
Қызметкерлердің назарына сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу туралы ақпарат ұсынылды.