2024 жылғы 23 мамырда Алматы қаласының №134 мектеп-лицейінде “ҚазжолҒЗИ” АҚ мамандарының 9-11 сынып түлектерімен және оқушыларымен кездесуі өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Көлік министрі М.қ. Қарбаевтың хаттамалық тапсырмасы шеңберінде көліктік бақылаудың аумақтық инспекциясы ұйымдастырды.
Кездесудің мақсаты көлік саласында кадрлар даярлауды жақсарту болды. “ҚазжолҒЗИ” АҚ атынан іс-шараға сынақ зертханасының меңгерушісі Ғалия Темірханқызы Асанова қатысты. Оқушыларға көлік саласының маңыздылығы, жол саласындағы мамандықтардың өзектілігі түсіндірілді, сондай-ақ “көлік құрылысы” білім беру бағдарламасының жандануы және бөлінетін гранттар саны туралы айтылды.
Сонымен қатар, оқушыларды жол құрылысы саласындағы жаңа технологиялармен таныстырып, көлік саласындағы табысты мансап үшін заманауи білім мен дағдылардың маңыздылығын атап өтті.