Алматылық Атлант геоанкерлік өндіріс зауытының базасында "ҚазжолҒЗИ" АҚ мамандары Қырғызстанның "Ғылыми-техникалық орталығы” ҒЗИ инженерлерімен кездесті.
Дөңгелек үстелде мамандар анкерлік бекіту технологияларын талқылап, тәжірибелерімен бөлісті және осы бағыттағы инженерлік шешімдердің перспективаларын анықтады.
Сондай-ақ, бұрғылаудың инъекциялық якорь технологиясымен тікелей танысу, өндірістің ерекшелігін зерттеу және автожол жобаларында қолдану мүмкіндігін бағалау мақсатында біздің мамандар зауыттың өндірістік алаңдарында аралап шықты.