Маңызды хабарландыру!
ҚазжолҒЗИ мамандары әзірлеген орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы автомобиль жолдарын күтіп-ұстауына арналған сметалық-нормативтік базаның автоматтандырылған бағдарламаға біріктірілгені туралы қуана хабарлаймыз!
Соның арқасында сіздер сметалық құнын ABC жүйесінде есептей аласыз. Жақын арада база SANA бағдарламасында қолжетімді болады.
Енді орташа және ағымдағы жөндеуге, сондай-ақ жолдарды күтіп-ұстауға кететін шығындар уақытыңызды үнемдейтін және адамдық факторды жоятын бағдарламада есептелетін болады.