Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының (ҚазжолҒЗИ) және Ташкент мемлекеттік көлік университетінің (ТашМКУ) өкілдері стратегиялық әріптестік туралы келісім жасасты.
Келісімнің негізгі аспектілері ғылыми жобалармен бірлесіп жұмыс істеуді, автомобиль жолдарын цифрландыруды, көпір құрылыстарын диагностикалау және пайдалану жүйелерін жақсартуды және Jolshy жобасын іске асыруды қамтиды.
Соңғысы Қазақстанда жол саласының білікті мамандарының деректер базасын құруға бағытталған орталықтандырылған платформа болып табылады. Қазір мамандар базасында кадрлардың мәліметтері (біліктілігі, жұмыс тәжірибесі, біліктілікті арттыру курстарының сертификаттары және т.б.), жол саласы кадрларының қажеттілігі туралы деректер, жұмыс берушілер үшін кадрларды іріктеуді көрсету үшін Jolshi базасын толтыру және одан әрі Enbek.kz және eLicense.kz секілді платформалармен біріктіру жұмыстары жүргізілуде.
Кездесу барысында екі тараптың өкілдері ғылыми зерттеулер мен практикалық әзірлемелер шеңберінде белсенді өзара іс-қимыл жасауға және тәжірибе алмасуға ниет білдірді. Сондай-ақ, ғылыми журналдарда бірлескен жарияланымдар жариялау жоспарлануда, бұл алынған нәтижелерді тиімді таратуға және екі институттың да халықаралық ғылыми қоғамдастықтағы беделін нығайтуға мүмкіндік береді.
«Бұл келісім көлік инфрақұрылымын жетілдіру және автожол саласындағы инновациялық тәсілдерді қолдау бойынша өршіл мақсаттар қояды. Екі тараптың өкілдері бірлескен жобаларды табысты іске асыруға және осы серіктестіктің пайдалы болуына сенім білдірді»,- деп атап өтті «ҚазжолҒЗИ» АҚ вице-президенті Нұрлан Смайылов.