«ҚазжолҒЗИ» АҚ Оқу орталығы «жол саласындағы FIDIC келісімшарттары бойынша жобаларды іске асыру» тақырыбында курстар өткізді. Курс FIDIC келісімшартының шарттарын қолдану тақырыбына арналған. Сондай-ақ, біліктілікті арттыру оқуында жұмыс берушілерге де, кеңесшілер мен мердігерлерге де қатысты.
Курстардың спикерлері FIDIC келісімшарттары бойынша жеке тәжірибесі бар автожолшылар болды. Олар өздерінің жұмыста кездескен шынайы тәіжрибелері негізінде кеңес берді. ҚР ИИДМ автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Бақтияр Жамбыл да өз тәжірибесі туралы айтып берді. Айта кетейік, курстарға Семей, Қарағанды, Қызылорда, Атырау және Алматы қалаларынан 7 автожол ұйымының өкілдері қатысты.
Ескесалсақ, егер бұрын FIDIC келісімшарттары ЕҚДБ және ХҚДБ халықаралық қаржы институттарының қатысы бар жобаларда қолданылған болса, енді2023 жылдан бастап FIDIC шарттарын қаржыландыру нысанына қарамастан, ҚР барлық жол жобаларына енгізу жоспарлануда.
Курс соңында қатысушылар біліктілігін арттыруды растайтын белгіленген үлгідегі сертификаттар табысталды.