Отандық жолшылардың ғылым мен цифрландырудағы жұмысы және жетістіктері туралы
Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты - ҚР жол саласындағы өзекті мәселелерді шешуге маманданған жалғыз ғылыми мекеме. Ежелден бері ҚазжолҒЗИ автомобиль жолдарын әзірлеумен, жобалаумен, салумен және қызмет көрсетумен айналысады.
«ҚазжолҒЗИ-да 22 қызметкердің ғылыми дәрежесі бар. Олар - екі ғылым докторы, бес ғылым кандидаты, үш философия (PhD) докторы және бейін бойынша доктор, 13 магистр», - деді «ҚазжолҒЗИ» АҚ президенті Арман Алибаева.
Бұл ретте, әрине, ҚазжолҒЗИ өз қызметін іске асыруда монополист болып табылмайды, онымен бірге бұл басым еңбекті Автомобиль жолдары комитетіне ведомстволық бағынысты ұйымдар ЖАСҰО, ҚазАвтоЖол және т.б. ортақтасып атқарады. Институт жол саласының нормативтік базасын қайта қалыптастыру, жаңа технологиялар мен жол-құрылыс материалдары (ЖҚМ), отандық жол саласының мамандары, сондай-ақ еліміздің көпірлері мен жолөткелдері туралы бірыңғай электрондық деректер базасын құруды өз мойнына алды.
ҚР жол нормативтік базасын жаңартуға ерекше назар аударған жөн. Әлемдік тәжірибеге сәйкес Институт нормативтердің жеті бағыты бойынша жұмыс топтарының отырыстарын тұрақты және ашық негізде жүргізеді: 1) жобалау және құрылыс, 2) диагностика, 3) жасанды құрылыстар, 4) жол қозғалысын ұйымдастыру және қауіпсіздік, 5) жол-құрылыс материалдары мен бұйымдары, 6) жолдарды пайдалану және құрылыс экономикасы, 7) стандарттау. Алты бағыт бойынша отырыстар өткізілді.
«Тек біздің бөлім жол саласының нормативтік базасын ЖҚМ және бұйымдар бөлігінде қайта қалыптастыру, сондай-ақ 465 нормативтік құжаттан техникалық ерекшеліктерді әзірлеу бағыттарында 201 құжат, 18 бөлімнен 7 үлкен бөлім қарастырылған», - деп атап өтті «ҚазжолҒЗИ» АҚ жол-құрылыс материалдары және жаңа технологиялар бөлімінің аға ғылыми қызметкері Галина Назаренко.
ҚР автожол саласының деректерін цифрландыру үдерісінде зерттеулер мен толтырулар басталып, пилоттық сайттар жасалып, авторлық құқықтар алынды. Мысалы, жаңа технологиялар мен жол-құрылыс материалдарының бірыңғай базасына Техникалық кеңестің екі жария отырысының қорытындысы бойынша әртүрлі климаттық аймақтарда қолдану жөніндегі ұсынымдармен 22 технологияны енгізу жоспарлануда. Жаңа технологияларды апробациялау үшін төрт тәжірибелік-эксперименттік телім бөлінді. Қазір Техникалық кеңестің отырысы өтіп жатыр, онда 14 технология қарастырылуда. «ҚазжолҒЗИ» АҚ қызметкерлері тарапынан жолдардың 100-ден астам тәжірибелік-эксперименттік телімдеріне мониторинг жүргізілді.
Сондай-ақ базаның ГАЖ-картасына ҚР бойынша сынамалардың зертханалық зерттеу нәтижелері, сапалық және сандық көрсеткіштері бар 639 карьерді енгізу жоспарлануда. ҚазжолҒЗИ қызметкерлері Ақмола, Алматы, Солтүстік- Қазақстан және Жетісу облыстарында 43 карьерді зерттеп жатыр.
Институттың аса маңызды жобасы КПБЖ (көпірлерді пайдалануды басқару жүйесі) әзірлеу болып табылады, онда олардың сипаттамаларымен бірге еліміздің көпірлері мен өткелдерінің электрондық базасы құрылады. «ҚазжолҒЗИ» АҚ мамандары Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы автомобиль көпірлері мен жол өтпелерін толыққанды тексеруге кірісті.
«Бұл құрылыстар туралы өзекті электрондық мәліметтерді, оның ішінде әрбір нысанның паспорттық деректерін және олардың ағымдағы жай-күйін тексеру нәтижелерін жинайтын заманауи ақпараттық жүйе болады. Жоба шеңберінде дрондардың көмегімен республикалық маңызы бар автожолдардағы барлық көпір құрылыстары мен жол өтпелері цифрландырылатын болады. Деректер мемлекеттік, жобалау және құрылыс ұйымдарының қызметкерлеріне жасанды құрылыстардың бірыңғай базасының сайтында қолжетімді болады», - деді «ҚазжолҒЗИ» АҚ автомобиль жолдары және көпір құрылыстары департаментінің бас маманы Қайсар Шалқар.
Сонымен қатар, сарапшылардың пікірінше жолдардың қысқа мерзімділік проблемасының себептерінің бірі - Қазақстанның әртүрлі күрт климаты. Сондықтан, ҚазжолҒЗИ-дың ең жарқын жобаларының бірі Қазақстанның жол құрылымдарының су-жылу режимдеріне эксперименттік зерттеулер жүргізу болып табылады. Өлшеу станциялары республиканың барлық аумағында орналасқан.
«Барлығы болып 28 өлшеу станциясы құрылды. Әр станция әр түрлі тереңдікте: жол бетінен 3 см-ден 300 см-ге дейін, жолдың топырақты негізінің тереңдігінде орналасқан 10 температура және 10 ылғалдылық құрылғыларымен жабдықталған. Нәтижелер интернет арқылы мәліметтер базасына беріледі. Олар бөлімнің Автомобиль жолдары комитеті алдындағы ғылыми есептерінде көрсетілген», - деп атап өтті «ҚазжолҒЗИ " АҚ жетекші ғылыми қызметкері және техника ғылымдарының кандидаты, доцент Қобланбек Айтбаев.
Одан басқа, «ҚазжолҒЗИ» АҚ Оқу орталығы бүкіл ел бойынша жол құрылысшыларының біліктілігін арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. 2023 жылдың қаңтарында қосымша кәсіптік білім алуға бұрын-соңды болмаған сұраныс байқалды. Қаңтар айының екі аптасында ғана оқу орталығына 105 жолшы жүгінді. Бұл сан 2022 жылдың I тоқсанындағы көрсеткіштен үш есе көп.
«Жолшылар әрқашан соңғы әзірлемелерден хабардар болуы қажет. Салалық білімге деген сұраныс артты. Егер бұрын біздің курстар тек 7 тақырыпты қамтыса, қазір ол 22-ге дейін жетті. Онлайн және офлайн сабақтардан басқа көшпелі курстар пайда болды», - деп атап өтті «ҚазжолҒЗИ» АҚ Оқу орталығының директоры және техника ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлжамал Умарова.
Алайда, бұл институттың білім беру саласындағы жалғыз жетістігі емес. ҚазжолҒЗИ ғылыми-зерттеу жұмыстарының маңызды нәтижелерін ғылыми мақалалар түрінде жариялайды. Айтпақшы, олардың кейбіреулерімен институттың жаңа сайтында танысуға болады. Мысалы, соңғы 10 жылда 210-нан астам мақала жариялады, оның ішінде 75 және 102 жұмыс Web of Science және Scopus халықаралық базаларына кіретін журналдарда жарияланды.
«Көпжылдық ғылыми зерттеулердің нәтижесінде институт автомобиль жолдары саласында алғаш рет 3 ғылыми жаңалық ашты: «Төменгі температуралы жарықшақтану кезінде асфальтбетонды жол төсемінің өзін-өзі құру заңдылығы» (№ 495 диплом), «Асфальтбетон жамылғысының сатылық тозып бұзылу заңдылығы (Телтаев қағидасы) (№ 501 диплом), «Наноқұрылымды битумның пайда болу құбылысы» (№ 516 диплом), - деп атап өтті «ҚазжолҒЗИ» АҚ вице-президенті Ерік Әмірбаев.
Мысалы, авторлары «ҚазжолҒЗИ» АҚ қызметкерлері болып табылатын «Viscoelastic properties of Asphalts Basedon Penetrationand Softening Point» («Битумның тұтқыр серпімді сипаттамалары және оларды стандартты көрсеткіштер бойынша бағалау») кітабы ғалымдар арасында үлкен сұранысқа ие. Springer базасының мәліметтері бойынша 2019 жылдың қыркүйегінде шамамен 757 дана шығарылды.
Айта кету керек, ҚазжолҒЗИ ғылыми жетістіктері сөрелерде тозаңданбай, керісінше барлық жағынан енгізілуде. Соңғы жылдары (2014-2023 жж.) институт өнертабыстар мен пайдалы модельдерге 19 патент алды, олардың төртеуі – халықаралық және төртеуі – авторлық құқық объектілеріне арналған куәліктертер.
«Мысалы, мен күкіртті қоспа немесе битумды ауыстыру ретінде қолдану бойынша зерттеулер жүргіземін. Күкіртті қолдану битум шығынын азайтуға мүмкіндік береді, оның бағасы энергетикалық дағдарысқа байланысты айтарлықтай өсті. Сондай-ақ, біз асфальтбетон қоспасындағы резеңке үгіндісі және т.б. сияқты өнеркәсіп қалдықтарының қолданылуын зерттеп жатырмыз», - деп атап өтті «ҚазжолҒЗИ» АҚ вице-президенті және PhD докторы Айдос Елшібаев.
Айтпақшы, қалдықтарды жол құрылысында қолдану Қытай мен Үндістанда өте маңызды экологиялық және экономикалық мәселе болып табылады. Мысалы, металлургиялық қалдықтарды (қожды) қатайтылған тас немесе шыны тәрізді зат ретінде қолдану мүмкіндігі белсенді түрде зерттелуде. Бұл әдісті Қазақстанда қолдану мәселесімен институттың PhD докторы Әсел Нұғманова қосымша айналысады. Әлемдік автожол үрдістерінің белсенді қатысушысы және шолушысы ретінде Әсел ҚР-да жол саласын дамытудың төрт факторын белгілейді.
«Мен Қазақстанда жол ғылымының дамуын айқындайтын бірнеше факторларды атап өтемін: инфрақұрылымға инвестициялар салу, халықаралық ынтымақтастық, кадрларды оқыту және даярлау, сондай-ақ климаттың өзгеруі және қоршаған ортаның ластануы секілді жаһандық проблемалар тұрғысынан экологиялық тұрақтылық», - деп атап өтті «ҚазжолҒЗИ» АҚ ЖҚМ және ЖТ департаментінің директоры және PhD докторы Әсел Нұғманова.
Қазақстанның жол саласының болашағы, оның ғылыми құрамдас бөлігі туралы ойлана отырып, институт басшысы Арман Алибаева үлкен үміт артады. Оның пайымдауынша, еңбек пен бірлескен іс-қимыл арқылы еліміздің автожолшылары туындаған проблемаларды еңсеріп, жаңа деңгейге шыға алады.
«Қазақстан Республикасындағы жол ғылымының болашағы перспективалы деп есептеймін, себеі еліміз өзінің көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға және жол желісінің сапасын арттыруға белсенді ұмтылуда», - деп атап өтті «ҚазжолҒЗИ» АҚ президенті Арман Алибаева.