"ҚазжолҒЗИ" АҚ вице-президенті Нұрлан Смаиловтың басшылығымен жұмыс тобы жол құрылыс материалдарының сапасын зерттеуге бағытталған жұмыстардың және және жол-құрылыс материалдарының бірыңғай базасын (www.rcmbase.kz) түсіндіру мақсатында облыс әкімдіктерінің өкілдерімен кездесулер өткізуде.
Естеріңізге сала кетейік, бірыңғай база – ҚазжолҒЗИ-дың жеке әзірлемесі. Бұл жоба жолдардың сапасын жақсарту міндеттеріне жауап беретін тиімді механизм ретінде ұсынылды. Заманауи цифрлық өнім құрылыс материалдары мен жол құрылысының жаңа технологияларын пайдалануды жүйелеуге, жолдарды жобалауды ашық әрі сапалы етуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, адами факторға байланысты тәуекелдері азайтады.