"ҚазжолҒЗИ" АҚ Сізді өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жаратудың өзекті тақырыбына арналған семинарға қатысуға шақырады.
Семинарда Қазақстан Республикасының жол саласында күкіртті қолдану перспективалары талқыланады. Семинар халықаралық институттармен және салалық ұйымдармен, соның ішінде Калабрия университетімен (Италия), IGH институтымен (Хорватия), Мәскеу автомобиль және жол институтымен (Ресей), сондай-ақ Өзбекстан мен Қазақстан өкілдерімен бірлесіп өткізілетінін қуана хабарлаймыз. Семинар аралас форматта (офлайн/онлайн) ағымдағы жылдың 30 маусымында сағат 15.00-де Астана қаласында Жекебатыр, 35/1 мекенжайы бойынша Институт ғимаратында өтеді.
Zoom сілтемесі: https://us06web.zoom.us/j/84677636486?pwd=WGY1ZlZFY3BYc3ROUTRHeW55QUwzZz09
Барлық сұрақтар бойынша "ҚазжолҒЗИ" АҚ Жол-құрылыс материалдары және жаңа технологиялар департаментіне, А.У.Нұғмановаға хабарласуға болады, 8 708 888 80 18, a.nugmanova@qazjolgzi.kz