Заң мен Тәртіп
Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
«ҚазжолҒЗИ» АҚ-та еңбек дауларын реттеу жөніндегі келісу комиссиясы жұмыс істейді

«ҚазжолҒЗИ» АҚ-да еңбек дауларын реттеу жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Институтта Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес жеке еңбек дауларын қарайтын Келісу комиссиясы тұрақты негізде жұмыс істейді.

Келісу комиссиясының құрамына алты мүше кіреді: жұмыскерлер тарапынан үш өкіл және жұмыс беруші тарапынан үш өкіл. Комиссияның теңгерімді құрамы еңбек дауларын қарау кезінде тараптардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етіп, шешімдердің объективті, әділ әрі бейтарап қабылдануына мүмкіндік береді.

Комиссия мүшелерінің кәсіби құзыреттерін арттыру мақсатында олар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келіссөздер жүргізу және еңбек дауларын консенсус арқылы шешу дағдылары бойынша арнайы оқытудан сәтті өтті. Оқыту нәтижесінде алынған білім мен тәжірибе еңбек заңнамасының нормаларын тиімді қолдануға, дауларды реттеудің заманауи тәсілдерін пайдалануға және ұзаққа созылатын еңбек жанжалдарының алдын алуға ықпал етеді.

Білікті Келісу комиссиясының болуы ұйымдағы корпоративтік басқару жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Комиссия қызметі жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғауға, жұмыс берушінің заңды мүдделерін сақтауға, ұжымдағы өзара сенім мен әлеуметтік әріптестік мәдениетін нығайтуға, сондай-ақ еңбек қатынастарының тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.