Конгресс жол құрылысында битум материалдарын қолдануды талқылау үшін Қазақстаннан, Ресейден және басқа елдерден жүзден астам делегаттарды жинады.
Екінші конгресс келесі өзекті тақырыптар бойынша мынадай сессияларды қамтыды: битумдарды полимерлі модификациялау және полимер-асфальтбетон қоспалары, битум терминалдары, битумдар мен ПБТ экспорттау және импорттау, зертханалық жабдықтар мен сапаны бақылау құралдары.
Сондай-ақ, жол-құрылыс компанияларының нақты тәжірибесі және олардың қолданылатын материалдардың сапасына қойылатын талаптары ұсынылған кейске талдау жүргізілді.
"ҚазжолҒЗИ" АҚ атынан ЖҚМ және ЖТ департаментінің директоры Әсел Нұғманова "Тізілімге жаңа технологияларды енгізу рәсімі" баяндамасымен сөз сөйледі, онда ЖҚМ және ЖТ бірыңғай базасының құрылымы, интерфейсі, жаңа технологиялардың жіктелуі және жаңа технологияларды апробациялау тәртібі ұсынылды.