Екатеринбургте жыл сайынғы «Уральский путь» ғылыми-практикалық конференциясы өттті. Оған ТМД елдерінің жол-құрылыс саласының 40-тан астам сарапшысы қатысты. Аталған іс-шарада Қазақстанды «ҚазжолҒЗИ» АҚ-ның Алматы қаласындағы ғылыми орталық директоры таныстырды.
Елена Суппес «Қазақстанның автомобиль жолдарын мұздату және еріту процестерін эксперименттік зерттеу» атты баяндама жасады. Жол төсемелерінің температурасын өлшеу датчиктерін пайдаланудың және өлшеу құрылғыларынан нақты деректерді алу қазақстандық тәжірибесі Ресейлік әріптестердің ерекше қызығушылығы тудырды.
«Өлшеу кешендері жабынның асфальтбетон қабаттарын пайдаланудың қауіпті кезеңдерін анықтау, қозғалысты шектеу бойынша негізделген шешімдерді уақтылы қабылдау, сондай-ақ Қазақстанды жаңа жол-климаттық аудандастырудың жаңа ережелерін әзірлеу мақсатында температура мен ылғалдылық режимдерін үздіксіз мониторингтеу үшін пайдаланылады», - деді Елена Суппес.
Ол сондай-ақ қазіргі уақытта Қазақстанда Кеңес заманында қабылданған жол-климаттық аудандастыру жұмыс істеп тұрғанын атап өтті. Оған сәйкес Қазақстан 3 жол-климаттық аймақта орналасқан. Алайда, бұл республика аумағын аймақтарға бөлудің нақты көрінісіне сәйкес келмейді-датчиктерден алынған мәліметтер мен сарапшылардың болжамдарына сәйкес, Қазақстанның жол-климаттық картасы 3-тен астам аймақты құрайтын болады.
Осы себепті, ҚР Индустрия және индустриялық даму салалық министрлігінің тапсырмаларын орындау шеңберінде 2023 жылы «ҚазжолҒЗИ» АҚ нормативтік-техникалық құжаттарды өзектендіруді жүргізеді. Бұл жұмыс еліміздің барлық өңірлеріндегі табиғи климаттық өлшеулердің нәтижелерімен нығайтылатын болады.