Заң мен Тәртіп
Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
«ҚазжолҒЗИ» АҚ VIII «New Silk Way» халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумына қатысуда

2026 жылғы 14–16 қазан аралығында Астана қаласында Қазақстан көлік апталығы аясында VIII «New Silk Way» халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумы өтуде. «ҚазжолҒЗИ» АҚ көлік саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар және бизнес өкілдерін біріктірген іс-шараға қатысуда.

Форумды Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов ашты. «Цифрлық Жібек жолы: жасанды интеллект, логистиканың өтпелі технологиялары» стратегиялық сессиясында Қазақстан, Өзбекстан, Чехия және Түркия көлік ведомстволарының басшылары, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдері көлік жүйесін цифрландыру перспективаларын және заманауи технологиялық шешімдерді енгізу мәселелерін талқылады.

Форумның іскерлік бағдарламасы халықаралық көлік ынтымақтастығының негізгі бағыттарын қамтиды. Бағдарлама аясында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің көлік саласындағы уәкілетті органдары басшылары кеңесінің отырысы, Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің көлік министрлерінің кездесуі, ТМД Көлік үйлестіру кеңесінің отырысы және Транскаспий халықаралық көлік бағытына қатысушы елдер министрлерінің кездесуі жоспарланған. Сонымен қатар автомобиль жолдарын, автомобиль көлігін және халықаралық көлік дәліздерін дамытуға арналған тақырыптық сессиялар, сондай-ақ TransLogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі өтуде.

«ҚазжолҒЗИ» АҚ өкілдері пленарлық және тақырыптық сессияларға қатысып, халықаралық серіктестермен, соның ішінде China TransInfo Technology (ҚХР) және Ryme Worldwide (Испания) компанияларымен жұмыс кездесулерін өткізуде. Кездесулер кәсіби өзара іс-қимылды дамытуға және жол инфрақұрылымы, көлік технологиялары мен цифрлық шешімдер салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерделеуге бағытталған.

Форумға қатысу Институтқа халықаралық байланыстарды нығайтуға, салалық тәжірибе алмасуға және Қазақстанның жол саласын дамыту мақсатында шетелдік ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді.