Заң мен Тәртіп
Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
ҚазжолҒЗИ Қытайдың RIOH институтымен бірлесіп жол технологиялары саласындағы зерттеулерді кеңейтеді

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің тапсырмасы бойынша ҚазжолҒЗИ делегациясы Қытайға іс-сапары аясында, ҚХР Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары ғылыми-зерттеу институтымен (RIOH) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Тараптар жол конструкцияларын сынау, жасанды интеллектіні қолдану, «ақылды» жолдарды дамыту және мамандар даярлау мәселелерін талқылады.

Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі жол төсемдерін есептеу әдістемелерін тексеру үшін Қытайдағы RIOHTRACK толық ауқымды айналма сынақ трассасын пайдалану мүмкіндігі болды. Мұндай сынақтар есептік көрсеткіштерді нақты жүктеме жағдайында алынған нәтижелермен салыстырып, деректерді ҚазжолҒЗИ-дің зерттеулерінде қолдануға мүмкіндік береді.

Тараптар жаңа жол материалдары мен технологияларын қолдану бағытында бірлескен зерттеулер жүргізу мүмкіндігін де пысықтауға келісті. Жол инфрақұрылымындағы ақауларды анықтауда жасанды интеллектіні пайдалану тәжірибесімен алмасуға, зияткерлік көлік жүйелерін, «ақылды» жолдарды және басқарудың цифрлық платформаларын дамытуға ерекше назар аударылды.

Ынтымақтастық бағыттарына логистикалық тізбектерді ұйымдастыру және жүк ағындарын басқару жөніндегі Қытай тәжірибесін зерделеу, сондай-ақ қазақстандық мамандарды RIOH базасында оқыту және олардың біліктілігін арттыру кірді. Бұдан бөлек, институттар ғылыми-зерттеу консорциумын құру және халықаралық стандарттарды, оның ішінде ISO шеңберінде әзірлеу бойынша бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігін қарастырады.

Сапар барысында ҚазжолҒЗИ делегациясы RIOH-тың зерттеу инфрақұрылымымен, соның ішінде аумағы шамамен 247 гектарды құрайтын сынақ кешенімен, зертханаларымен және деректерді жинау мен талдау жүйелерімен танысты. Қытай институтының құрылымында бес ұлттық және 15 салалық ғылыми-инновациялық платформа бар.

Қол қойылған меморандум сапар барысында қолжеткізілген уағдаластықтарды бекітіп, бірлескен жобаларды дайындауға негіз қалайды. Келесі қадам — зерттеу тақырыптарын, сынақтарды өткізу форматын және олардың нәтижелерін Қазақстанның жол саласында қолдану мүмкіндіктерін айқындау.