2024 жылдың 2 сәуірінде “ҚазжолҒЗИ” АҚ қабырғасында ірі қытайлық Shandong Hi Speed Group компаниясының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында ынтымақтастықтың негізгі аспектілері және көлік инфрақұрылымына арналған инновациялық шешімдерді дамыту перспективалары талқыланды.
Кездесуде көтерілген басты мәселелердің бірі цифрландыру болды, әсіресе бұл интеллектуалды көлік жүйелеріне қатысты. Қатысушылар жол қозғалысын басқару мен бақылауды оңтайландыру, жол қозғалысының қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыру үшін заманауи технологияларды енгізу мүмкіндіктерін талқылады.