«ҚазжолҒЗИ» АҚ қызметкерлері 2024 жылдың 4-5 сәуірі аралығында Санкт-Петербургте өткен «PRO Bitumen and PMB» XII салааралық конференциясына қатысты. 13 жылдан бері өткізіліп келе жатқан бұл шара битум және модификацияланған байланыстырғыштар нарығының даму бағытын айқындайтын негізгі шаралардың бірі болып табылады. Конференция барлық сала қатысушыларының пікір және тәжірибе алмасуының маңызды алаңы болып табылады. Іс-шарада құрылыс, көлік қауіпсіздігі, технологияны тиімді пайдалану, сондай-ақ кадрларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері талқыланды.