"ҚазжолҒЗИ" АҚ және Қытай Shandong Hi-Speed компаниясы көлік инженериясы саласындағы ғылыми зерттеулердегі ынтымақтастықты тереңдету мақсатында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Сапар барысында вице-президент Нұрлан Смаилов бастаған делигация, "ҚазжолҒЗИ" АҚ өкілдері Цзинань қаласына барып, Shandong Hi-Speed компаниясының жол құрылысы және басқарусаласындағы озық тәжірибелері және жетістіктерімен танысты.
Қол қойылған меморандум екі тарапқа да ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға, көліктік инженерияның озық технологиялары мен әдістерімен алмасуға, сондай-ақ бірлескен зерттеу жобаларын жүргізуге мүмкіндік береді.
Меморандум екі ұйым үшін де жаңа перспективалар ашады, бұл ғылыми зерттеулердің нәтижелерін тиімдірек таратуға және көлік инженериясын дамытуға және жол құрылысы инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған бірлескен іс-шараларды жүргізуге мүмкіндікбереді.