«ҚазжолҒЗИ» АҚ Халықаралық қаржы институттарының қатысуымен қаржыландырылатын ҚР ИИДМ АЖК және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ тарапынан іске асырылып жатқан жобаларды басқару бойынша консультациялық (ЖБК) қызметтер көрсетеді. Бұл жобалар FIDIC келісімшарттарының талаптары мен шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Осылайша, Институт Тапсырыс берушілерге техникалық көмек көрсетеді және Жобаны уақтылы және тиімді іске асыруға, оның ішінде әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешу кезінде жәрдем көрсетеді.
Бүгінгі таңда Институттың Консультанттар тобы А 17 «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» автомобиль жолының «Қызылорда – Жезқазған» 12-216 шқ телімін (Қызылорда облысында орналасқан) қайта салу жобасын жүзеге асыруға қатысады.
Жоба шеңберінде 218 шқ қайта салынатын болады, жобада 2 көлік айрығы, 3 көпір, 4 мал өткелі, 45 темірбетон құбыры және 6 демалыс алаңын салу көзделеді.
Құрылысты қадағалау жұмыстарын «Dohwa Engineering» БК «M 50» ЖШС-мен (Корея/Қазақстан) бірлесіп жүзеге асырады.