"ҚазжолҒЗИ" АҚ қызметінің басым бағыттарының бірі жобаларды басқару жөніндегі консультациялар (ЖБК) болып табылады. Мәселен, қазіргі таңда Институт ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті мен "ҚазАвтоЖол” ҰК АҚ-ның Халықаралық қаржы институттарының қаражаты есебінен іске асырылып отырған жобаларында ЖБК бойынша қызмет көрсетеді.
Аталған жұмыс шеңберінде Институт жобаны сәтті және уақтылы аяқтауға, оның ішінде әлеуметтік және экологиялық мәселелерді, сондай-ақ қауіпсіз жол қозғалысын ұйымдастыру талаптарын қамтамасыз етуге және сақтауға байланысты мәселелерді шешуге тікелей байланысты және соған бағытталған техникалық көмектер көрсетеді.
Мұндай жобалар FIDIC келісімшарттарының талаптары мен шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазіргі таңда Институттың ЖБК-ы, келесі Орталық - Оңтүстік жолдарын дамыту жобаларына жұмылдырылған: Қапшағай - Күрті телімі, 0-67 шқ.