«ҚазжолҒЗИ» Акционерлік қоғамынында жол саласының нормативтік базасына өзгеріс еңгізу туралы төртінші кеңес өтті. Жұмыс топтары «Автожол саласындағы жасанды құрылыс» және «Жол қозғалысын ұйымдастыру және қауіпсіздік» бағыттарындағы реформаларды талқылады.
Ғылыми-техникалық құжаттаманы реформалау жөніндегі келесі кеңес 19 сәуірде «ҚазжолҒЗИ» АҚ бас кеңсесінде өткізіледі деп жоспарланған. Айта кетейік, кеңес «Жолдарды пайдалану және жол құрылысы экономикасы» тақырыбына арналмақ.
Осы орайда, барлық білікті жол мамандарын жұмыс тобының қатарына кіріп, аталған бағытқа белсенді қатысуға шақырамыз. Ол үшін Сізге осы жарияланымның астында аты-жөніңізді, лауазымыңызды/біліктілігіңізді және байланыс деректерін қалдырыңыз.
👉 https://www.instagram.com/p/CrA-qXGKWBR/?igshid=YmMyMTA2M2Y=