4 қыркүйекте «ҚазжолҒЗИ» АҚ ұжымында Қазақстан халқының тілдері күніне және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай танымдық акция ұйымдастырылды.
Акция барысында ұйымдастырушыларқызметкерлерге қазақ тілі, ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер және Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен ағартушылық қызметіне қатысты сұрақтар қойды. Викторина сұрақтарына дұрыс жауап берген қатысушыларға Викторина сұрақтарына дұрыс жауап берген қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.
Еркін әрі қызықты форматта өткен іс-шара қызметкерлердің белсенділігін арттырып, ұжымда көтеріңкі көңіл күй қалыптастырды. Сонымен қатар акция мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және қазақ халқының рухани мұрасына деген қызығушылықты арттыруға бағытталды.
Қазақстан халқының тілдері күні – еліміздегі бірлік пен өзара құрметті нығайтатын, тіл мен мәдениеттің қоғам өміріндегі айрықша маңызын танытатын мереке.