Тақырыбы: Жол құрылыс материалдарының сапасын мамандар тексеруде Өтетін күні: 17 мамыр 2024 ж. Уақыты: сағ.9:00-де Өтетін орны: Ақтөбе қ., Әбілхайыр хан көшесі, 40 (әкімшілік ғимаратының алдында)
17 сәуірде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін баспасөз-туры ұйымдастырылады. Баспасөз туры аясында жол құрылыс материалдарының сапасын бақылау жүргізу, асфальтбетон зауыттары (АБЗ), карьерлер мен зертханалар орналасқан учаскелерге барып, олардың жұмысымен танысу жоспарланып отыр.
Журналистердің назарына карьерден материалды іріктеуден бастап дайын жабынды төсеу сәтіне дейін автомобиль жолын салу процесі ұсынылады. Сондай-ақ жол құрылысына қатысушылардың жұмыс барысы көрсетілді.
Пресс-турдың маршруты төмендегідей ұйымдастырылады:
- ➡️тас материалдарының карьері (іріктеу)
- ➡️сынақ зертханасы (материалды сынау және асфальтбетон қоспасын таңдау)
- ➡️асфальтбетон зауыттан қоспаның шығарылуы
- ➡️асфальт төсеу үрдісі
- ➡️ынау үшін сынама алу (керн)
БАҚ өкілдерін аккредиттеу үшін байланыс телефондары:
8 778 673 78 03 (WhatsApp) «ҚазжолҒЗИ» АҚ баспасөз хатшысы Адина Айнаева)