Тақырыбы: Ғалымдарды БҚО автожолдардың проблемаларын шешуге шақырды
Өтетін күні: 5 шілде 2024 ж.
Уақыты: сағ.9:00-де
Өтетін орны: Орал қ., Абай алаңы (әкімшілік ғимаратының алдында)
5 шілде күні бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін баспасөз-туры ұйымдастырылады. Баспасөз туры аясында еліміздегі жалғыз салалық жол ғылыми-зерттеу институтының қызметімен, «Подстепное – Федоровка» автожолының 108-144 шқ құрылыс телімімен, асфальтбетон зауыты және жол сынақ зертханасының жұмысымен танысу жоспарланып отыр.
Журналистердің назарына автомобиль жолын салу үдерісі, құрылыста жаңа технологияларды қолдану, сондай-ақ жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологияларды таңдау кезінде ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған rcmbase.kz бірыңғай базасы ұсынылады.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін жол ғалымдары жол салу және күтіп-ұстаудың барлық кезеңдерінде автомобиль жолдарының сапасын жақсарту мақсатында барлық жол-құрылыс материалдарына рейтингтік әдісті қолдана бастаған болатын. Өнімдері конкурстық сынақтардан өтпеген рейтингі төмен өндірушілер мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысуға жіберілмейді.