«Автомобиль жолдарына арналған заманауи материалдар мен технологиялар» ақпараттық айдары аясында автомобиль жолдарының ұзақ мерзімділігі мен сенімділігін арттыруға қолданылатын шешімдер туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырамыз.
Осы жарияланымның тақырыбы – жол инфрақұрылымын салу, жөндеу және күтіп ұстау кезінде кеңінен қолданылатын битумды мастикалар. Материалда мастикалардың маңызы, негізгі түрлері және жол саласындағы қолданылу ерекшеліктері қарастырылады.
Битумды мастикалар – жол құрылыстарын қорғаудың маңызды элементі
Пайдалану барысында автомобиль жолдары мен жасанды құрылыстар ылғалдың, температуралық ауытқулардың, көлік жүктемелерінің және материалдардың қартаю процестерінің әсеріне ұшырайды.
Құрылыстарды қорғау және мерзімінен бұрын бүлінудің алдын алу үшін битумды мастикалар қолданылады.
Олардың негізгі міндеттері:
- жіктер мен түйіспелерді герметизациялау;
- құрылыстарды ылғалдың енуінен қорғау;
- су өткізбейтін қасиеттерін арттыру;
- жол конструкцияларының жекелеген элементтерінің бұзылуын болдырмау.
Мастикалар автомобиль жолдарында ғана емес, сондай-ақ көпірлерде, жол өткелдерінде және басқа да көлік инфрақұрылымы нысандарында пайдаланылады.
Битумды мастикалардың негізгі түрлері
Жол саласында құрамы мен қолданылу аймағына қарай әртүрлі мастика түрлері пайдаланылады.
1. Битумды мастикалар
Мұнай битумы негізінде дайындалатын дәстүрлі материалдар. Қолданылуы:
- жіктерді герметизациялау;
- гидрооқшаулау жұмыстары;
- конструкциялық элементтерді қорғау.
2. Полимерлі-битумды мастикалар
Құрамына полимерлік компоненттер қосылған заманауи материалдар.
Артықшылықтары:
- жоғары серпімділік;
- температуралық деформацияларға төзімділік;
- қызмет ету мерзімінің ұзақтығы.
3. Резеңкелі-битумды мастикалар
Динамикалық жүктемелер мен деформацияларға төзімділігі жоғары материалдар.
Ерекшеліктері:
- жарықшақтарға жоғары төзімділік;
- циклдік жүктемелерге төзімділік;
- температураның күрт ауытқуы жағдайында тиімді жұмыс істеуі.
Қолданудың негізгі бағыттары
Битумды мастикалар келесі жұмыстарда пайдаланылады:
- деформациялық және технологиялық жіктерді герметизациялау;
- көпір құрылыстарын гидрооқшаулау;
- жол конструкциялары элементтерін ылғалдан қорғау;
- жабынның жергілікті зақымдануларын жөндеу;
- конструкциялық элементтердің түйісу және жалғану орындарын өңдеу.
Мастикаларды кешенді түрде қолдану жол инфрақұрылымының сенімділігі мен ұзақ мерзімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қолданудың практикалық тиімділігі
Әлемдік тәжірибеде битумды мастикалар жол құрылыстарын қорғау жүйесінің маңызды элементі ретінде қарастырылады.
Оларды қолданудың негізгі тиімділігі – ылғалдың әсерін азайту және конструкциялық элементтердегі ақаулардың дамуын болдырмау. «Мастикаларды пайдалану жол құрылыстарының герметикалығын қамтамасыз етіп, қосымша қорғаныс береді, бұл олардың қызмет ету мерзіміне тікелей әсер етеді», – деп атап өтеді сала мамандары.
Қазақстан Республикасының климаттық жағдайларындағы өзектілігі Қазақстан Республикасы жағдайында мастикаларды қолдану мынадай факторларға байланысты ерекше маңызды:
- температураның күрт ауытқуы;
- маусымдық мұз қату және еру циклдері;
- ылғал мен еріген қар суларының әсері;
- жоғары көлік жүктемелері.
Заманауи мастикаларды пайдалану жол құрылыстарының осы факторларға төзімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Өндірушілер мен шешім әзірлеушілер
Нарықта отандық және шетелдік өндірістегі әртүрлі битумды мастикалар ұсынылған. Олар құрамы, жағу технологиясы және пайдалану сипаттамалары бойынша ерекшеленеді. Мастикаларды таңдау пайдалану жағдайларын, нормативтік құжаттардың талаптарын және сынақ нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс. Материал өндірушілері мен жеткізушілерінің тізімімен мына сайттан таныса аласыз: rcmbase.qazjolgzi.kz.