Бүгін біз Сіздерге «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ-ның жас ғалымы және қызметкері Манарбек Жұмамұратовты таныстырғымыз келеді, ол жақында «Көлік құрылысы» магистрлік бағдарламасын сәтті аяқтап, Қазақстанның жол саласындағы ғылымның дамуына белсенді үлес қосып келеді.
Өз ғылыми қызметіңіз және магистрлік диссертацияның ерекшеліктері туралы айтып берсеңіз. Менің магистрлік диссертациям көпір құрылымдарымен түйісу аймағында үйіндінің көтергіштік қабілетін арттыруға арналды. Негізгі мақсат көпір құрылымдарының құлауы мен қирау қаупін болдырмау болды, бұл жол қауіпсіздігін жақсартуға және апаттардың ықтималдығын азайтуға көмектеседі. Зерттеу аясында «ҚазжолҒЗИ» АҚ базасында зертханалық сынақтар жүргізілді, бұл үйіндінің көтергіштік қабілетінің физика-механикалық қасиеттерін жақсартатын үдерістерді анықтауға көмектесті.
Сіз зерттеу жұмысыңызды қалай жалғастыруды жоспарлап отырсыз? Жақын арада докторантураға сол бағытта түсуді және өз зерттеулерімді жалғастыруды жоспарлап отырмын. Менің мақсатым - мен зерттеп жатқан технологияны сынақ алаңында қолдану арқылы оны келесі деңгейге шығару.
Өз зерттеулеріңіздің жол саласында қолданылуын қалай көресіз? Көпір құрылыстарымен түйісу аймағындағы үйіндінің көтергіштік қабілетін жақсарту көпір құрылыстарының құлауы мен қирау қаупін болдырмауға мүмкіндік береді. Бұл жол қауіпсіздігін арттыруға және төтенше жағдайлардың ықтималдығын азайтуға ықпал етеді. Менің зерттеулерім көпір құрылыстарын салу мен күтіп-ұстаудың тиімді әдістерін жасауға көмектеседі, бұл өз кезегінде жол инфрақұрылымының сапасын арттырады.
Бізге осы бағыттағы жол мамандары мен білім беру бағдарламаларының тапшылығы туралы білгілі. Жас ғалым ретінде жағдайды өзгерту үшін не істеу керек деп ойлайсыз? Ия, бұл өте маңызды мәселе. Мен сияқты жас ғалымдарға жол саласындағы зерттеулерін дамыту үшін қолдау мен ынталандыру қажет. Сондай-ақ, автомобиль жолдарын салуға байланысты білім беру бағдарламаларының санын арттыру маңызды. Мемлекет студенттерді көбірек тарту және оларды осы маңызды саламен айналысуға ынталандыру үшін осы бағыттарға көбірек гранттар бөлуі қажет. Жас ғалымдарды қолдау және білім беру бағдарламаларын дамыту - бұл мәселені шешудің негізгі факторлары болып табылады.